Құжаттардың толық пакетінің жоқтығына қарамастан, қала орталығында, Гоголь көшесінде жаздан бастап тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тұрғындарға құрылысқа инвестиция салмауды ескертеді. Ал, егер салып қойған болсаңыз, ақшаңызды қайтаруға асығыңыз.
Гоголь 34/5 учаскесіндегі құрылыс жазда бұрынғы автомобиль кешенінің орнында өрбіді. Мұнда, тар жағдайда, бизнес нысандары айналасында тұрғын үй салуға шешім қабылдады. Бұл тұрғын үй қала әкімдігінен бірнеше метр қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда бірқатар наразы топ eOtinish арқылы шағымданып та жатыр. Үй қабаттарының саны күн санап артып келеді. Ал, оның сыртында ғимараттың төлқұжатының орнына "Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Құрылыс объектісінің жанында мұқият болуды сұраймыз" деген баннер іліпті.
Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сержан Аймақов құрылыс басталған және толық жүріп жатқан 11 нысанды атап өтті. Құрылыс салушыларда рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ.
"Келесі нысан - RGB ЖШС-CENTRAL AVENU ТК, Мекен-жайы: Гоголь көшесі 34/5. Ақшаны қайтаруды талап ету керек. Тәуекелге бармаңыз және заңсыз құрылысқа ақша салмаңыз", - деді ГАСК басқармасының басшысы Сержан Аймақов.
Қала тұрғындары да мұндай бассыздықтың орын алғанына наразы. Қыс айында халық тентіреп далада қалу қаупі бар.
"Мен әлеуметтік желілерден бұл тұрғын үйлер туралы оқыдым. Ел баспанасыз қалып жатыр. Бұл әрине өте қорқынышты. Халықты ойлап жатқан ешкім жоқ. Керісінше қанап жатыр"-деді Қарағанды қаласының тұрғыны Әсия Нығметова.