Қарағандыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

977

Олардың бірі – 18 жаста, екіншісі – 52 жаста.

Қарағандыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысында 18 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екі жаңа жағдайы расталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Екі науқас та Теміртау қаласының тұрғыны. Олардың бірі – 18 жаста, екіншісі – 52 жаста. Олар жұқтырғандармен бұрын жақын байланыста болып, карантиндік стационарға жатқызылған.

Бүгінгі таңда облыста COVID-19 89 жағдайы тіркелген. Бір науқас қайтыс болды, бес адам жазылып шықты.

Тәулік бойы бақылауда 781 адам бар. Олар 1А және 1Б (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) санатындағы елдерден келген немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. Үй карантинінде – 2 340 адам жатыр, үй карантинінен 403 адам шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу