Қарағандыда такси жүргізушісі 4,5 жастағы қызды "байқамай" алып кеткен

154

Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.  

Қарағандыда такси жүргізушісі 4,5 жастағы қызды "байқамай" алып кеткен Фото: gov.kz

Қарағандыда такси жүргізушісі 4,5 жастағы қыз баланы алып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы Threads желісінде баланың анасы жазды. 

"Бір жасар ұлым мен 4,5 жастағы қызымды қолыма алып, көлікке мінейін деп тұрғанмын. Қызымды артқы орындыққа отырғыза бергенде көлік жүріп кетті. Біз жеке секторда тұрамыз, көшедегі жол тегіс емес. Мен көліктің артынан жүгіруге тырыстым, алайда үлгермедім, көлік кетіп қалды. Кейін такси жүргізушісіне қосымша арқылы бірнеше рет қоңырау шалдым, бірақ ол тұтқаны көтермеді", – делінген жазбада.

Әйелдің сөзінше, полиция бір сағаттан кейін жүргізушіні Гоголь көшесі бойындағы айналма жолдан тапқан. Тәртіп сақшылары бұл "қалжың" болғанын, қылмыс құрамы жоқ екенін мәлімдеген.

"Көлік иесі жүргізушіге хабарласқаннан кейін ғана ер адам артқы орындықта баланың жалғыз екенін түсінгенін. Ол кері қайтып, қыз баланы анасына берген", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны және заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу