Қарағандыда Tamyz Race – 2018 веложарысы өтеді

563

Оған әуесқой спортшылар ғана қатыса алады. 

Қарағандыда Tamyz Race – 2018 веложарысы өтеді

Қарағандыда алдағы демалыс күні, 26 тамызда Tamyz Race – 2018 кросс-кантри веложарысы өтеді. Оған қызығушылық танытқан әуесқой спортшылар қатыса алады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 
Жарыс Қарағанды - Астана тасжолының Луначарский көшесінің қиылысындағы тоғайда өтеді. Шара 9:00-де басталып, 13:00-де аяқталады деп жоспарлануда. Оған әуесқой спортшылар ғана қатыса алады. Ал кәсіби велошабандоздарға трассаны конкурстан тыс бағындыруға рұқсат етіледі. 
Қатысуға өтініштер бірнеше санат бойынша қабылданады: 16 жастан 35 жасқа дейін және 36 жастан жоғары ерлер. Әйелдер 16 жастан 35 жасқа дейін және 36 жастан жоғары. Ерлер үшін төрт шақырымнан 3 айналым, ал әйелдер екі айналым жүріп өту керек. 
Барлық қатысушылар өздерімен бірге қорғаныш бас киімі мен екі дөңгелегінде де тоқтату жүйесі бар жарысқа жарамды велосипед ала келу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу