Қарағандыда тапа -тал түсте атыс болды

1087

Қарағандының орталық көшесінде болған атыстан екі адам жарақат алды.  

Қарағандыда тапа -тал түсте атыс болды

Қарағанды қаласының орталығында орналасқан " Грин сити парк " деп аталған жаңа тұрғын үй кешені аумағында күндізгі уақытта атыс болды. Тұрғын үй кешеніндегі автотұраққа бірнеше көлік келген. Екі жас жігітке қарудан оқ жаудырған. Атыс кезінде қара түсті  " БМВ " көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай , тұрғын үй кешенінің жанында тұрған жеңіл көлікке соғылған. Қарулы қақтығыс кезінде екі адам жараланды. Қазіргі таңда оларды ауруханаға жеткізілген,  дәрігерлер көмек көрсетуде. 

Полиция қызметі Қарағанды қаласында барлық  жерде қадағалауды күшейткен. Қарудан оқ атып, қашып кеткен  бұзақылар іздестіріліп жатыр. 

" Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 -бабы 3 - тармағы " қару қолдану арқылы бұзақылық жасау " бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу ,күдіктілерді ұстау бойынша облыстың Ішкі істер органының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Тергеу амалдары жалғасуда ",- деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция Департаменті баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше жаңа тұрғын үй кешені аумағында сөзге келіспей қалған ер адам екі тұрғынды атып кеткен. Әзірге полиция қызметі ауруханада жатқан зардап шеккендер жайында ақпарат берген жоқ.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу