Қарағандыда татуластыру қызметі пайда болды

863

Қарағандыда татуластыру қызметі пайда болды

Қарағанды қаласының мектептерінде даулы, жанжалды жайттарды шешуге арналған татуластыру қызметтері ашылды. Пилоттық жоба екі білім мекемесінде іске қосылды. Ол медиацияны дамытуға бағытталған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Татуластыру қызметінің үйлестірушілері мектеп психологтары болады. Егер күрделірек жайттар кездессе, "Центр разрешения конфликтов - Диалог" ЖМ кәсіби медиаторлары көмекке келеді. 
Мектептерде медиация туралы стендтер орнатылды. Қазанда педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында медиация мәселелеріне қатысты бес семинар өтті. 
№ 86 ЖББМ-де оқушылардың бастамасымен сенім поштасы жұмыс істей бастады, оған анонимді түрде хат жолдауға болады. № 2 лицей негізінде мектеп оқушыларын медиация икемдеріне оқыту басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу