Қарағандыда тауға шыққан екі әйелдің біреуі жартастан құлап мерт болды

600

ТЖМ құтқарушылары күшімен таулы аймақтан 54 жастағы әйел құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда тауға шыққан екі әйелдің біреуі жартастан құлап мерт болды Фото: el.kz

Қарағанды облысында 1970 жылы туған әйел құтқарылды. Ол таулы аймақтан өз бетінше түсе алмай, 112 қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, альпинистік жабдықты пайдалана отырып таудан түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Оның жанында тағы бір әйел болған. Ол Бектау ата шатқалынан өзім түсем деп жартастан құлап, көз жұмды.

Құтқарушылар марқұмның денесін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу