Қарағандыда тегін заңгерлік қызмет көрсететін орталық ашылды

1147

Қарағандыда тегін заңгерлік қызмет көрсететін орталық ашылды

Қарағандыда құқық қорғау органдарының орталығы ашылды. Орталықта тегін заңгерлік қызметтердің 20-дан астам түрі ұсынылады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Халыққа прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, сот атқарушылары, пробация қызметінің өкілдері, сондай-ақ психологтар кеңес беретін болады. Болашақта халықтан келіп түскен сұрақтарға байланысты заң қызметтерін ұсынатын субъектілердің саны қайта қаралатын болады", - деді орталық басшысы Серік Мақанов.

Кез келген адам жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін орталыққа хабарласа алады. Қабылдауды білікті психологтар мен медиаторлар, адвокаттар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері жүргізеді. Бұдан басқа, адамдарда жеке өтініш болған жағдайда, сондай-ақ екі тарап арасындағы жанжалдарды тергеу кезінде психологиялық көмек қажет болған жағдайда әртүрлі шағымдар қарастырылады.

Қалыптасқан прокурорлардан басқа облыстық прокуратура басшылары тиісті кесте негізінде жұмыс жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу