Қарағандыда темір жол өткелінде тепловоз бен КамАЗ соқтығысты

1984

Оқыс оқиға видеоға түсіп қалған. 

Қарағандыда темір жол өткелінде тепловоз бен КамАЗ соқтығысты

Оқиға Бытовая көшесінде сағат 17.22 шамасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда өткел бойымен қозғалып келе жатқан тепловозға жылдамдығын бәсеңдетіп үлгермеген жүк көлігін көрсетеді. Салдарынан локомотив жүк көлігінің кабинасына соғылған.

Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствода бұл жағдайды растады.

 "32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бытовая көшесімен Бұқар жырау даңғылы жағынан Асфальтная көшесіне қарай жүріп келе жатқан. Ол теміржол өткелінде тепловозмен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктерге зақым келген. КамАЗ жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген жоқ", – дейді ведомствода.

Сондай-ақ ПД бұл аумақта көктайғақ болмағанын, бағдаршамның дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілерінің де бар екенін атап өтті.

"Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді ведомствода. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу