Қарағандыда теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды

807

Саябақта теннис корты салынады дегенді естіген қалың жұрт қарсы шығып, әлеуметтік желіде жаппай наразылық білдірген еді. Себебі құрылыс кезінде қаншама ағаш оталады.

Қарағандыда теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды

Қарағандыдағы орталық саябақта салынады деп жоспарланған теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды 24.kz.

Оның болашағы тек қоғамдық тыңдау өткен соң ғана белгілі болмақ. Ал ол жиынның қай күні болатыны әлі анықталған жоқ. Қазір құрылыстың қоршауы алынып тасталды.

Естеріңізге сала кетейік, саябақта теннис корты салынады дегенді естіген қалың жұрт қарсы шығып, әлеуметтік желіде жаппай наразылықтарын білдірген еді. Себебі құрылыс кезінде қаншама ағаш оталады.

Алайда қала әкімі талдардың кесілмейтініне кепілдік беріп отыр. Барлық ағаш қазылып алынып, өзге жерге отырғызылады.

Айта кетейік, Теннис федерациясының тапсырысымен алдағы бірер жылда саябақтағы 1,5 гектар аумақта бірнеше спорт нысаны бой көтермек. Ал шаһардағы бұған дейін салынған екі корт жаттығуға аздық етеді екен. Бірақ тұрғындар құрылысқа орталық саябақтың таңдалғанына наразы.

"Егер қоғамдық тыңдау кезінде халықтың басым бөлігі құрылысқа қарсы шықса, әрине, бұл жерге корт салынбайды. Сондықтан әліптің артын бағып, жиынды күтейік" – дейді ҚР теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу