Қарағандыда терроризм актісі туралы хабарлама тарады

1017

Хатта белгісіз автор иесі Қарағанды мектептеріндегі балаларды атып тастаймын деген жазба қалдырған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қарағандыда терроризм актісі туралы хабарлама тарады Фото: canva.com

Хабарлама телеграм қосымшасының арнасында пайда болған. Жаға ұстатар жағдай 10 ақпанға жоспарланған деп болжануда.

Полиция департаментінде қазір тәртіп сақшылары ақпарат авторларын іздеп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта мұндай жалған хабарламалар көрші мемлекеттерде және Қазақстанның басқа қалаларында таралғанын атап өтті.

Әлеуметтік желіде оқушыларды жаппай атамыз деп жазылған. Мұндай хабарламалар Павлодар мен Ақтөбеде таралған.

Содан кейін көптеген ата-аналар балаларын мектептерге жібермеуді жөн көрді. Қарағандылық полицейлер қазір осы хабарламалардың авторын іздеп, тұрғындарды дүрбелеңге салынбауға шақырады. 

"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын полиция нарядтарын көбейту арқылы қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осы жылдың басынан бері осындай жалған хабарламалар көрші мемлекет пен Қазақстанның бірқатар қалаларында таралды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауын сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - деп жауап берді Қарағанды қаласының полиция басқармасындағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу