Қарағандыда тікұшақтардың көмегімен адамдар мұз үстінен "құтқарылды"

852

Қарағанды облысында "Көктем  – 2019" ауқымды оқу-жаттығыулары өтуде.

Қарағандыда тікұшақтардың көмегімен адамдар мұз үстінен "құтқарылды"

Қарағанды облысында "Көктем-2019" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары басталды. Шара екі күн жалғасады. Оның мақсаты – көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға дайындау.

26 ақпанда оқу-жаттығулар Абай ауданының жартас су қоймасында өтті. Оған 600 жуық адам және шамамен 200 бірлік техника жұмылдырылды. Қарағанды облысы бойынша ТЖД бастығы Ыбраһым Күлшімбаевтың айтуынша, оқу жаттығуларын өткізетін аумақ кездейсоқ таңдалмаған. 

"Абай ауданы облысымыздағы көктемгі тасқын қаупі жоғары аудандардың бірі. Оқу жаттығу кезінде біз жергілікті әкімдіктердің, аудандық апаттық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексереміз. Сонымен қатар су қоймасындағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайын бақылаймыз. Оқу жаттығулар құтқарушылардың барлық азаматтық қорғаныс қызметтерімен өзара әрекет етуі кезіндегі ауызбірлігі сыналады", – деді ол. 

Екі күндік жаттығулар кезінде облыста 60 тәжірибелік дайындық әрекеттер өткізу жоспарлануда. Шаралар өңірдің барлық ауданы мен қалаларында өтеді. 

Бүгін Шерубай - Нұра өзенінде жаттығулар кезінде мұз жарылды. Өзен арқылы шөлнек өткелдің көмегімен жергілікті тұрғындар тасымалданып, құтқарылды. Тікұшақтардың көмегімен адамдарды мұз үстінен шешіп алып, қауіпсіз жерлерге тасымалданды. Тасзаимка және Самарка елдімекенінде өзендердің жағалаулары бекітілді. 

Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша наурыздың ортасынан бастап күн жыли бастайды.

"Алдағы көктемгі су тасқыны уақыты төтенше жайттарсыз өтеді деп үміттенеміз. Дайындық жақсы, техника бар", – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу