Қарағандыда кәріз жүйесін тарту кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында болған. Жер қазу жұмыстары барысында жұмысшы топырақ астында қалған.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан ер адамды алып шықты.
Құтқарушылар зардап шеккен азаматты жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу