Қарағандының "Голубые пруды" шағынауданында төрт жасар қыз көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала бір сәт ересектердің қарауынсыз қалған.
Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, қыз бала қайтыс болды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу