Қарағандыда түнгі клубта есірткі сатқан күдікті ұсталды

142

Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қарағандыда түнгі клубта есірткі сатқан күдікті ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Қарағандыда полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі сату дерегі анықталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы түнгі клубтардың бірінің жұмыскері анықталып, оның сол мекемеде ұзақ уақыт бойы есірткі сатқаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктіні ұстау барысында одан "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, есірткі сатушының жалдап тұрған пәтерінен есірткі тұтынуға пайдаланатын әртүрлі заттар, зип-лок пакеттері, есірткі шегетін аппарат, электронды таразы және ұялы телефон тәркіленді. 

Сонымен қатар, түнгі клубқа санкцияланған тексеріс барысында 40 дана травматикалық оқдәрі тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу