Қарағандыда тұрғын үй ауласынан нәресте табылды

927

Жас босанған әйел туған бетте перзентін картон жәшікке салып тастап кеткен. 

Қарағандыда тұрғын үй ауласынан нәресте табылды

Қарағанды қаласында 15 шілде күні кешкі сағат тоғызда 21 жастағы тұрғын үй ауласынан жаңадан туған нәрестені тауып алған.

Куәгердің айтуынша, сәбиді үй алдындағы орындыққа төсенішке орап картон жәшіктің ішіне салып кеткен. Тұрғын сәбиді тапқан соң бірден жақын маңдағы ауруханаға алып барған.

Дәрігерлердің мәліметінше, бала екі сағаттар шамасында үйде туған. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Баланы перинаталдық орталық мамандары бақылауына алған. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы барып жұмыс жасаған. Көп ұзамай көкек ана табылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен баланың 23 жастағы анасы анықталып ұсталды. Оның облыс тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті полицияда тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу