Қарағандыда тұрғын үй ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті

539

Бала ауруханада жатыр.

Қарағандыда тұрғын үй ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен 7 жасар баланың жағдайы белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап. 

Порталдың мәліметінше, оқыс оқиға 29 мамыр күні болған. Степной-4 шағын ауданындағы № 27 үйдің ауласында 7 жасар баланы көлік қағып кетті. Ол жолға жүгіріп шығып, Volkswagen Touran көлігі астына түскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайы туралы айтты.

"Баланың жамбас сүйегі сынған. Ол Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың балалар жарақаты бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда жол-көлік дерегі тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу