Қарағандыда тұрғын үй пәтерінен өрт шықты

463

Пәтер иесін күйік шалды. 

Қарағандыда тұрғын үй пәтерінен өрт шықты Фото: ekaraganda

Қарағандыда 14-шағын ауданда орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты. Салдарынан 1938 жылы туған пәтер иесі зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт туралы хабарлама сағат 09.27-де келіп түскен. Бес қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтер балконында 5 шаршы метр аумақта заттар, жиһаздар мен ағаш қаптамалар жанған. Өрт сағат 09:46-да жойылды.

Төтенше жағдай кезінде пәтерлерден эвакуация жүргізілді. Өртті жоюға ТЖД жеке құрамының 18 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

1937 жылы туған пәтер иесінің беті мен қолын күйіп шалып, медициналық ұйымға жеткізілді. Ақпаратқа сәйкес, ер адам өртті өздігінен сөндіруге тырысқан. Өрт сөндірушілердің сөзінше, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу