Қарағандыда тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында брифинг өтті

416

ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Бекбосынов, сондай-ақ "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Қарағанды өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Асфат Олжабаев баяндама жасады.  

Қарағандыда тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында брифинг өтті Фото: ҚР ТЖМ

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында 507 өрт тіркелді, оның 297-сі тұрғын үй секторында орын алды. Тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту, адамдардың қаза табуы және жарақаттануы мақсатында күн сайын тұрақты негізде Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері белсенді үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізуде. Профилактикалық рейдтер барысында Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін және үйдегі өрттің алдын алу жолдарын түсіндіреді.

Өрттің негізгі себептері:

  • тұрғындардың отты абайламай қолдануы;
  • электр жабдықтары мен тұрмыстық электр аспаптарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу;
  • пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

Профилактикалық жұмыс халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдардың, сондай-ақ жылу жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім адамдардың тұрғын үйлерін қамтиды. Бүгінгі күні жыл басынан бері 76 мыңға жуық аула аралау жүргізілді, аралау барысында 227 мыңнан астам адамға нұсқау берілді.

2023 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында облыс аумағында "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының" 1-кезеңі аяқталды. 1 кезеңді өткізу шеңберінде азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, әкімдік қызметкерлерімен, әлеуметтік қорғау және еріктілермен бірлесіп, осы үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша қажетті көмекті айқындау тұрғысынан халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін аралап шықты. Профилактикалық жұмыстармен есепке алынған халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық 5811 тұрғылықты жері қамтылды. Аралау барысында 115 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің 156 бұзушылығы анықталды.

Спикер жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына егжей-тегжейлі тоқталды. Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен жылыту кезеңінің басынан бастап тұрақты негізде халықтың әлеуметтік осал топтарын жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштары мен улы газ датчиктерін орнату, сондай-ақ жылыту және электрмен жабдықтау жүйелеріне жөндеу жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінің басынан бастап 113 датчик (59 көміртегі тотығы, 54 түтін газы) орнатылды. 2018 жылдан бастап барлығы 3677 датчик орнатылды.

Төтенше жағдайлардың, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек.

Төмендегі ережелерді сақтаңыздар:

  • сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз;
  • электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз;
  • бір желіге бірнеше электр құрылғыларын қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;
  • қолдан жасалған электр жылыту құралдарын пайдаланбаңыз;
  • тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын пайдаланыңыз;
  • мұржаларды күйеден уақтылы тазалаңыз (үш айда 1 рет);
  • пешті қыздырмаңыз;
  • балалардың отпен ойнауына және пешті тұтатуға жол бермеңіз;
  • жарықтарды жабыңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу