Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы балабақшалар көптеп ашылуда, деп хабарлайды abctv.kz.
Қарағанды мемлекет пен кәсіпкердің ортақ мүддеге бірлесе әрекет жасауы - аймақтағы балдырғандардың балабақшамен қамтылуына ықпал етуде. Мысалы, 2015 жылы 1000 балдырғанға арналған 4 жекеменшік балабақша берілсе, 2016 жылы кәсіпкерлер 10 балабақша ашылды. Биыл бақшалар саны 19-ды құраған.
Президент күні қарсаңында Қарағанды қаласында 360 балаға арналған тағы бір жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес мұндағы бір орын 11 мың теңге болады.
Балабақша құрылтайшысы Гүлнар Смайлованың бұл бағыттағы төртінші балабақшасы. Бұған дейін қаланың түрлі аумақтарында үш балабақшаның іске қосылуына әріптестік арқылы мұрындық болған. Ашылған балабақшаның басқалардан бір ерекшелігі – мұнда балаға оқу-тәрбие үрдісін жүргізіп ғана қоймай, балалардың шығармашылық дамуы үшін арнайы шеберханалар ұйымдастырылғандығында. Атап айтқанда робототехника бөлмелері, шығармашылық шеберхана бар. Мұның сыртында балалар денсаулығына пайдалы тұз шахтасы да орналасқан. Тұз шахтасының жоғары тыныс органдарына пайдасы зор.