Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның тұрғын үй ауласында балаларға тиісіп, оларды бақылап жүрген ер адам 2 сәуірде көзге түсіп қалған. Мұны көрген тұрғындар полиция шақырған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шынында да, 2 сәуір күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне көп қабатты үйлердің ауласының бірінде белгісіз біреу балаларға тиіскені туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобымен күдіктінің балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық көрсетпекші болғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3 тармағы -121 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,–деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.