Қарағандыда уланған 14 бала дезинфекциялық қоспа ішіп қойған ба?

1209

Бүлдіршіндер іші ауыратындарын айтып шағымдануда.

Қарағандыда уланған 14 бала дезинфекциялық қоспа ішіп қойған ба?

Денсаулығына қауіп төнген ұлдардың ата-аналары болған жағдайға қатысты өз нұсқаларын айтып жатыр. Сөздерінше, орталық қызметкерлері шәйнектерді араластырып, судың орнына дезинфекциялық қоспа берген болуы мүмкін. Бұл қаншалықты рас? Қазір науқастардың жағдайы қалай?

Оқиға денсаулығында кінәраты бар 160-тай бала тәрбиеленетін осы орталықта болған. Қоршаудан ары кіруге рұқсат жоқ. Балалар жексенбі күні уланып, ауруханаға түскен. Алайда, арнаулы орталыққа әлі де жедел жәрдем көліктері үздіксіз қатынап жатыр. Алайда тілшілерге ешкім де мойнын бұрып қарамады. Бүлдіршіндерінің денсаулығына алаңдаған өзге ата-аналар да осы маңда шырылдап жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу