Қарағандыда уланған балалардың екеуі ауруханадан шықты

619

Дәрігерлер балалардың денсаулық жағдайы тұрақты деп мәлімдеді. 

Қарағандыда уланған балалардың екеуі ауруханадан шықты Фото: inbusiness.kz

Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайын облыс дәрігерлері бақылап отыр. 

"Ем алып жатқан балалардың денсаулық жағдайы тұрақты, ушыққан жоқ. 1 тамызда түскен екі баланың біреуінің жағдайы орташа деңгейде, екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде”,- деп мәлімдеді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының бөлімшесінде ем алған екі баланың жағдайы жақсарғандықтан оларды үйге шығарған. Қазіргі уақытта арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында балалардың жағдайын қадағалау үшін емхана дәрігерлерінен кезекші жасақталған. 

Еске сала кетсек, арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан улану диагнозымен 14 бала ауруханаға түскен . Бір бала қайтыс болды. Сырқаттанған балалар арасында жетім балалар да бар. Орталықта денсаулығында ақауы бар мүгедек балаларға  көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу