Қарағандыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері 9 мамыр мерекесіне орай 300 мың теңгеден алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Соғыс ардагерлеріне теңестірілген санаттағы тұлғаларға біржолғы көмек көлемі 20-дан 100 мың теңгеге дейін құрайды.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай қалалық бюджеттен 127 млн теңге бөлінді. Облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 43 ардагері тұрады. Оларға теңестірілген адамдар саны – 5 216.
Өз еркімен жалданғандар, концлагерлердің тұтқындарына және Қоршауда болған Ленинград тұрғындарына 100 мың теңгеден, қалған санаттарға 20 мың теңгеден төленеді.
Сонымен қатар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушылар 100 мың теңгеден алды.