Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді – дәрігерлер дабыл қағуда

340

Бес келіден артық болып туылған нәрестелердің үшеуі де қыз. 

Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді – дәрігерлер дабыл қағуда Фото: Pixabay.com

Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған жетеқабыл, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KTK ақпаратына сүйенсек, сәбилер кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан. Сондай-ақ, дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп дабыл қағуда.

Жалпы жыл басынан бері Қарағандыда осындай 59 бала дүниеге келген. Он баланың салмағы бес жарым келінің айналысында болған. Бұл ауыр салмақ. Кейінгі кезде алып балалардың жиілеуі жақсы емес дейді ақ халаттылар. Өйткені бұл баланың да, ананың да денсаулығына қауіп төндіреді. Әйелдер жүктілікке ерте дайындалып, ең алдымен ағзасындағы қант деңгейін тексеруі керек. Тамақты, оның ішінде фастфудты көп жеу мен аз қозғалу да іштегі баланың тез өсіп кетуіне әкеледі дейді.

"Тәтті нан жейді. Қимыл-қозғалысы аз. Көп серуендеу керек. 5 келіден асатын болса, онда шешімді консилиуммен қабылдаймыз, кесер тілігін жасау керек, ананың да, баланың да жарақатын төмендету үшін", - дейді Қарағанды облысы клиникалық аурухананың №2 перинаталдық орталығының меңгерушісі Жарқын Нүркеева.

Бес келіден артық болып туылған нәрестелердің үшеуі де қыз. Олардың алып болып туылатыны бір ай бұрын болжанып, жоспарлы отаға жатқызылған. Бәрі сәтті өтіп, балалар анасының қолына берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу