Жолаушыларға лық толы қоғамдық көліктер Майқұдыққа бара жатқан жолда соқтығысқан, деп хабарлайды Atameken Business.
Жол-көлік апатынан 6 адам зардап шекті. Абырой болғанда, көз жұмғандар жоқ. Түрлі дене жарақатын алған азаматтар шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Апатқа ұшыраған автобустардың үшеуі де бір автопаркке тиесілі екені белгілі болды.
Полицияның алдын ала болжамынша, №56 автобустың 61 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, бір бағытта келе жатқан қоғамдық көлікті соғыпты. Кейін екінші автобус алдында келе жатқан машинаны соққан.
Қазір тәртіп сақшылары апаттың орын алу себептерін анықтап жатыр. Тексеріс нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.