Қарағандыда үш қыз суға батып кетті

2621

Қарағанды облысында шомылуға барған бір топ қыз баланың үшеуі суға батып, көз жұмды.

Қарағандыда үш қыз суға батып кетті

Қайғылы жағдай Сарысу өзенінде болды. Қаза тапқандардың екеуі бір отбасының баласы. Марқұмдардың денесін жергілікті тұрғындар тауып, өз күштерімен екі метр тереңдіктен жағаға алып шыққан. Оқиға орын алған жерде суға түсуге тыйым салатын ешқандай белгі болмаған.

Төтеншеліктер балалардың қазасын ересектердің қарауынсыз өзенге түскендігімен түсіндіреді.

Айта кету керек, шомылу маусымы басталғалы аймақта 18 адам суға батса, оның төртеуі – бала.     

 "Жыланды елдімекенінің қасында, Сарысу өзенінің бойында бір оқиға орын алып, оның салдарынан үш үш қыз бала қаза болды. Екеуі 17 жаста, біреуі 13 жаста. Бұған балалардың қараусыз қалуы бірінші себеп",– дейді Қарағанды облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы Мұрат Қатпанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу