Қарағандыда үш зауыт уақытша жұмысын тоқтатты

1375

Оған көмір байытатын фабрикалардың мемлекет пен жұмысшылар алдындағы қарызының  2 миллиард 610 миллион теңгеге жетуі себеп.

Қарағандыда үш зауыт уақытша жұмысын тоқтатты

Енді далада қалған 500-ге жуық жұмысшының тағдыры не болмақ? Отандық өнім неге өтпей жатыр

Үш айдан бері жалақы көрмей зар болған "ҚазФеррит" фабрикасы жұмысшыларының шуынан кейін, бүгін үш бірдей зауыттың басшылығы журналистер алдында брифинг өткізді. Олардың сөздерінше, жергілікті көмір байытатын үш фабрика қарызға белшеден батқаннан жұмыстарын тоқтатқан. Себебі, кәсіпорындардың көмір концентраты үшін, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы екі айдан бері төлем жасамаған.

"Шілде айының бірінен бастап, өзіміздің жұмысымызды тоқтатуға мәжбүр болдық. Жұмыскерлерге 10 миллиондай, ал үлескерлерге 800 миллиондай қарызбыз", - дейді " Ақтас Көмір" ЖШС-ның директоры Нұрым Болатұлы.

"Біз оларға осы күнге дейін көмір жеткізіп отырдық. Барлығы жақсы болған. Бірақ, маусым айынан бастап, жеткізілген концентратқа  ақша төлемеді. Сондай-ақ, алдағы айларға келісім шартты созбады. Осы жағдайлардан кейін мен де жұмыстан шығып кеттім", - дейді "Майқұдық ҚҚ" "СҮ" ЖШС –ның бұрынғы директоры Светлана Божиева.

Қазіргі таңда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "Майқұдық байыту зауытына" 33 тонна шикі зат үшін, 2 миллиард 610 млн теңге қарыз. Ол аздай, алпауыт компания 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі келісімшарт негіздерін орындамай, маусым  айынан бері концентрат алуды қойған. Қазір өнімді  шетелден сатып алып отырған көрнеді.

"Отандық өнімді алғылары келмейді. Сапасы біздікі күшті. Олардан да жақсы. Біз керекті сапаны бере аламыз. Бірақ олар шетелдік тасымалдаушылардан ала бастады", - деді "KAZФеррит" ЖШС бас директоры Бекжан Көпбаев.

Сондықтан, өнімдерін өңірдің өзіне өткізе алмай отырған зауыттар банкрот алдында. Кәсіпкерлердің айуынша, мемлекет тарапынан қолдайтын заң болғанымен, олар жұмыс жасап жатқан жоқ.

"Біз басқа да жаққа шығарғымыз келеді. Бірақ, өзіміздің облыстың ішінде жұмыс істей алмай отырып, үлкен нарыққа қалай шығамыз. Келіссөз жүріп жатыр. Бірақ келген кісілерді қайда апарамыз? Олар жұмыстың тоқтап тұрғанын көреді де қандай не алады…" - деді "Ақтас Көмір" ЖШС-ның директоры Нұрым Болатұлы.

Бұл жағдайға қатысты біздің тарапымыздан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына сұрау жіберілді. Әзірге ешқандай жауап жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу