Қаңтар айында Қарағанды қаласында үстел теннисінен екі бірдей ірі турнир өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
7-10 қаңтар күндері "Saryarka" үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу бәсекесі ұйымдастырылады. Ал 11-17 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа команда үздігі Кирилл Герасименкодан басқа спортшылар түгел қатысады.
Ал командалық және аралас сында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен өзге де облыс орталықтарының ұжымы бақ сынайды.
 
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        