Қарағандыда үздік кеншілердің еңбегі ескерілді

1943

Кеншілер "Шахтер даңқы", "Еңбек даңқы" белгілерімен марапатталды.

Қарағандыда үздік кеншілердің еңбегі ескерілді

Қарағандыда "Шахтер даңқы", "Еңбек даңқы" белгілерімен бірқатар кеншілер марапатталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кеншілер күніне арналған мерекелік шара шымылдығын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров құттықтау сөзімен ашты. 
"Сіздердің ерен де ерлікке толы еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, - деп бастады сөзін ол. – Биыл біз "АрселлорМиттал Теміртау" басшылығымен маңызды құжатқа қол қойдық. Онда компания үш жыл ішінде өндірістік нысандарға 305 млрд теңге инвестиция салатындығы қарастырылған. Бұл қаражат шахталарды дамытуға, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалады. Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын".
Марапаттау рәсіміне "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атқарушы директоры Вадим Басин қатысты. Кәсіпорын басшылары атынан ол да құттықтау сөзін жеткізді. 

"Облыстың өркендеуінде сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өндірістік тәжірибелеріңіз бар. Ардагер кеншілерге ерекше алғыс білдіргім келеді. Сіздердің арқаларыңызда бізде еңбек дәстүрі қалыптасып, істеріңізді жалғастырушы майталман мамандар бар", - деді ол. 

Бірінші дәрежелі "Шахтер даңқы" белгісін 8 кенші иеленді. Екінші дәрежелі белгімен 17 шахтер, ал үшінші дәрежелі белгімен 25 кенші марапатталды.

Бірінші дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісі 12 адамға берілді. Екінші дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен 12 кенші марапатталды, үшінші дәрежелі белгімен де 12 шахтер ұлықталды. 
Сонымен қатар кеншілерді Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. 
Салтанатты рәсімнен кейін мерекелік концерт ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу