Қарағандыда заңсыз екі құрылыс компаниясы анықталды

763

Құрылыс салу заңдылығын бұзған екі компанияға айыппұл салынды.

Қарағандыда заңсыз екі құрылыс компаниясы анықталды Фото: inform.kz

Қарағандыда заңсыз тұрғын үй салып жатқандардың саны азаймай отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы кеншілер шаһарында тағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатуды сұрап отыр. Еске сала кетсек бұған дейін  Қарағанды қаласында жеті жаңа ғимарат бойынша жұмыстар сот шешімімен тоқтатылған болатын. Олардың құрылыс салуға қажетті рұқсат қағаздары болмай шыққан. Басқарма тағы екі компанияның заң бұзғанын анықтап отыр. 

“Бұл компанияларда  сараптама қорытындысы жоқ .Олар үйді  авторлық және техникалық қадағалаусыз өз қалауынша салып жатыр. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК 314, 1, 321 және 463-баптары, 1-бөлігі, 1-бөлігі бойынша "ККК Бетон" (Гапеев көшесі, 4е) және "ТалапСтройГрупп" (Мұқанов көшесі, 41а-бет) құрылыс компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жіберілді", – деп хабарлады Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы.

Басқарма құрылыс салу нормасын бұзған компанияларды анықтау үшін мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу