Қарағандыда заңсыз салынған үйлердің құрылысы тоқтатылды

601

Сот шешімімен рұқсат қағазы жоқ 10 тұрғын үй кешенінің құрылысына тыйым салынды.

Қарағандыда заңсыз салынған үйлердің құрылысы тоқтатылды Фото: Qaz365.kz

Қарағанды қаласында тұрғын үй құрылысын тексеру үшін мемлекеттік  сәулет құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс өткізді. Бірқатар мердігерлердің тұрғын үйді салуға қажетті рұқсат қағаздары болмағаны анықталды. Олар құрылысты рұқсатсыз бастап салымшыларды жинай берген. Бүгінде сот шешімімен Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды.

– Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ҚР ӘҚБтК-нің 314 "Жобалық құжаттамасыз құрылыс", 321 "Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу" және 463 “МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды, – деді Мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.

Басқарма тарапынан жасалған ескертуді құрылыс салушылар назарға алмаса нысан пайдалануға жіберілмейді әрі оған қабылдау актісі берілмейді .

“Жосықсыз құрылыс салушылар тізіміне мына компаниялар енді. Олар :

- "T-K Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);

- "TT INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);

- "Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нұра" ТК);

- "Baiterek-2022" ЖШС ("Аманат" ТК);

- "СМК Group" ЖШС ("Baiterek" ТК);

- "Григорян Ш. Н." ЖК (КТ);

- "TBL building" ЖШС ("Tole Bi 2" КТ);

- "Revival Alliance" ЖШС (Ержанов к-сі, 63/2);

- "ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты отбасы" ТК);

"Optima-Stroy" ЖШС ("Династия" ТКЭкономикалық сотта қазір үш тұрғын үй кешенін өз еркімен салу деп тану туралы талап-арыздар бар. Бұл Al-Farabi ТК (құрылыс салушы "Т-К Building" ЖШС), "Хан" ТК (құрылыс салушы "ТТ-Инвест" ЖШС) және "Нұра" ТК (құрылыс салушы "Satti Lux Stroy" ЖШС) ”,- деп мәлімдеді Думан Қасымжанов.

Құрылысқа рұқсат беретін құжаттар болмай тұрып үлескерлерден заңсыз қаражат жинаған 15 компанияға 320 бап бойынша айыппұл салынған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы рұқсатсыз үлескерлердің ақшасын алған тағы осындай екі компанияға қатысты істі қарап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу