Қарағандыда жәбірленушіге пара бермек болған қорғаушы ұсталды

506

Қорғаушы екінші тарапқа тура сот алдында ақша ұсынған.  

Қарағандыда жәбірленушіге пара бермек болған қорғаушы ұсталды Фото: polisia.kz

Қарағанды облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз бір қорғаушының заңсыз әрекеті туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Істің мән-жайы көп ұзамай анықталды. Заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленушінің қорғаушысы болған. Ал қылмыс жасаған тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған. 22 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 6,5 миллион теңге мен 2 900 АҚШ долларын алған 36 жастағы қорғаушы ұсталды. Полиция қызметкерлерімен оның көлігіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында тағы да 3 100 АҚШ доллары тәркіленді", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 422-бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу