Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйға тартылды

165

Биыл ұлттық мереке Астана күнімен тұспа-тұс келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда жаңа туған сәбилерге домбыра сыйға тартылды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандыда Домбыра күні туған балаларға қазақ мәдениетінің маңызды символдарының бірі – музыкалық аспап тарту ету дәстүрге айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері перзентханаларда болып, аналар мен сәбилерді құттықтап, еліміздің жаңа азаматтарына бақыт тіледі.

– Домбыра – бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ мәдениетінің бір бөлігі, дәстүрлер мен ұлттық мақтаныштың символы. Ол ұрпақтардың байланысын, халықтың бай тарихи мұрасы мен рухани сабақтастығын білдіреді. Сондықтан да біз осындай сыйлық табыстадық, – деді Қарағанды облысы ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова.

Қарағандыдағы №1 Перинаталдық орталықта осы мереке күні бірінші болып бір қыз дүниеге келді, нәрестенің есімін Амира деп қойды. Сәби – отбасындағы 5-ші бала. Сыйға тартылған домбыра сәбидің тұмары іспеттес болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу