"Облыс орталығындағы Ермеков көшесі, 94/3 мекенжайында орналасқан "Қарағанды терминал мұнай" компаниясының май құю станциясында дизель отынының (жазғы) бағасы литріне 230 теңгеден 275 теңгеге дейін асқан. Компанияға қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 171-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жіберілді", – деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті.
Бағаны көтеру фактілері бойынша төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарлауға болады:
- Нұр-Сұлтан қаласы: 8 (7172) 95-36-04;
- Алматы қаласы: 8 (7272) 72-14-01;
- Шымкент қаласы: 8 (7252) 32-15-04;
- Алматы облысы: 8 (7282) 24-27-40;
- Атырау облысы: 8 (7122) 21-10-42;
- Ақмола облысы: 8 (7162) 50-43-27;
- Ақтөбе облысы: 8 (7132) 74-30-64;
- Шығыс Қазақстан облысы: 8 (7232) 61-41-24;
- Жамбыл облысы: 8 (7262) 43-18-75;
- Батыс Қазақстан облысы: 8 (7112) 24-06-47;
- Қарағанды облысы: 8 (7212) 42-51-96;
- Қостанай облысы: 8 (7142) 53-52-40;
- Қызылорда облысы: 8 (7242) 27-21-86;
- Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-42-27;
- Павлодар облысы: 8 (7182) 78-70-97;
- Солтүстік Қазақстан облысы: 8 (7152) 61-82-81;
- Түркістан облысы: 8 (7253) 35-75-51.
Президент тапсырмасына сай, мұнай өнімдерінің кейбір түрін 180 күн бойы мемлекет реттейді. Энергетика министрлігі шекті бағаларды белгіледі.
Дизель отынының литрі Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 260 теңге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 230 теңге.
Ал бағаны көтергендерге Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құзыретті.