Қарағандыда жарты миллиард теңгенің ұрлану схемасы әшкереленді

132

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Еңбек" РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде. 

Қарағандыда жарты миллиард теңгенің ұрлану схемасы әшкереленді Фото: istockphoto.com

2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы  "бір көзден сатып алу" әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.

Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстаушының қызметін пайдаланған.

Соңғысы ақшаны бөліп, бақылаудағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.

Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге  қаражат қолма қол ақшаға айналған.

Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен "BMW X6" автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.

Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.

Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу