Қарағандыда жарты миллионға жуық қорап заңсыз темекі тәркіленді

408

Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.  

Қарағандыда жарты миллионға жуық қорап заңсыз темекі тәркіленді Фото: gov.kz

Қаржы мониторинг агенттігі Қарағанды облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу