Қарағандыда жарық қайта берілді

485

3-ЖЭО-да техникалық апатты тергеумен ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті айналысады. 

Қарағандыда жарық қайта берілді Фото: pixabay.com

Қарағанды мен Қарағанды облысында апаттан кейін жарық қайта берілді, деп жазады inbusiness.kz аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жарық берілді. Электр қуаты толығымен қосылды", — делінген хабарламада.

Ал ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті 3-ЖЭО-дағы техникалық апатты тергеуді бастады.

"Қарағанды-Энергоцентр" ЖШС 220 кВ ЖЭО-3 ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу болған, ал Қарағанды ЖЭО-3 және Топар ГРЭС-тің байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды", - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін 3-ЖЭО-дағы ірі апат салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу