Қарағандыда "жарылғыш зат қойған" күдікті ұсталды

1103

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Қарағандыда "жарылғыш зат қойған" күдікті ұсталды

"Қарағанды облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам күдікке ілінді. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ақпаратта. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз күні сағат 09.00-де 102 телефонына Мұқанов көшесіндегі ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түскен. Оқиға орынында жедел қызмет жұмыс істеді. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды.

Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу