Қарағандыда жарылыс болып, бір адам көз жұмды

563

Қалған екі науқастың жай-күйі орташа ауыр.  

Қарағандыда жарылыс болып, бір адам көз жұмды Фото: Видеодан скриншот

Қарағандыдағы жер үйлердің бірінде елу литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды. Бұл туралы inbusiness.kz "Хабар24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылыс салдарынан 1953 жылғы әйел мен 2014 жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жетіп, 13:10 кезінде өрт сөндірілді. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмған.

"Қалған екі науқастың жай-күйі орташа ауыр", - дейді дәрігерлер.

Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу