Қарағандыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

738

Жеңілдетілген қарыз 20 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен беріледі. Бастапқы жарна 19 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10%-ын құрайды.

Қарағандыда жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

Жаңа ипотекалық бағдарлама жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, мәдениет қызметкерлеріне, журналистерге, ЖОО оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және әлеуметтік сала өкілдеріне қолжетімді болды. Қарағандының жұмыс істейтін жастары жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген қарыз ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

Жұмыс істейтін жастар үшін ипотека беру бастамасын Қарағанды облысының әкімдігі "Отбасы банкпен" бірлесіп алға тартты. Облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, "Отбасы банк" 500 млн береді.

Ипотека кемінде бір жыл ресми жұмыс істеген 35 жастан аспаған қарағандылықтарға қолжетімді. Табыс та ескеріледі. Отбасының әрбір мүшесіне ол 6 ең төменгі күн көру деңгейі (1 ЕТККД – 37 389 теңге) мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушы мен отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік болмауы тиіс.

Қатысушыларды комиссия іріктейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу