Қарағандыда жастарға жеңілдетілген ипотекалық несие беруге құжаттар қабылдау басталды

715

Биыл моноқалалардың тұрғындары да бағдарламаға қатыса алады.

Қарағандыда жастарға жеңілдетілген ипотекалық несие беруге құжаттар қабылдау басталды Фото: Syrboyi.kz

Сондай-ақ, биылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт жүйелерінің қызметкерлерінен, БАҚ, ЖОО және әлеуметтік сала өкілдерінен бөлек, жастарға жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасына квазимемлекеттік сектордың коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлері де қатыса алады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарлама өткен жылдан бастап іске асырылуда. Оны жүзеге асыруға бюджеттен бір миллиард теңге, тағы 500 миллион теңге "Отбасы банкі" желісі бойынша бөлінді. 1000-нан астам өтінімнің 92-сі мақұлданды.

Құжаттарды қабылдау 12 мамырға дейін жалғасады. Сондай-ақ, биыл бағдарламаға Теміртау қаласы да қабылданды. Жыл соңына дейін осындай бағдарлама Балқаш пен Саранда іске асырылатын болады.

Жеңілдетілген бағдарламаға кемінде бір жыл ресми жұмыс істеген 35 жастан аспаған жастар қатыса алады. Қарыздың ең жоғары сомасы бұрынғысынша 20 миллион теңгені құрайды. Үміткерлерде қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде бастапқы жарна болуы тиіс. Бұл ретте тұрғын үйді жылдық 5%-бен ресімдеуге болады. Қарыздың ең ұзақ мерзімі –19 жыл.

Бағдарлама бойынша тұрғын үйді жаңа да, қайталама нарықта да сатып алуға болады.

Алайда, қайталама нарықтағы тұрғын үй 1973 жылдан аспауы керек.

Жеңілдікті ипотекалық қарыз беру туралы шешімді арнайы комиссия үміткердің бағдарламаның барлық өлшемшарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу