Қарағандыда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу аптасы өтіп жатыр

1252

Онкологтар әйелдер қауымын скринингтен өтуге шақырады.

Қарағандыда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу аптасы өтіп жатыр

Қарағандыда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу аптасы өтіп жатыр, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2018 жылдан бастап 30 бен 70 жас аралығындағы барлық әйел төрт жылда бір осы тексеруден өтуге тиіс.

Статистикалық мәліметтерге сай, жатыр мойнының қатерлі ісігі онкологиялық дерттер арасында ең жиі түрі болып саналады. Әдетте ол аурудың нышандары тек екінші-үшінші кезеңде, ауру емдеуге көнбейтін кезде ғана анықталады. 

"Міндетті скринингтер Қазақстанда 2008 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша скринингті 30 бен 70 жас аралығындағы 86 мың әйел өтуге тиіс. Өкінішке қарай, көбісі одан бас тартады, уақыттарын қимайды, анализ тапсырғылары келмейді. Алайда ол барып тұрған жауапсыздық. Бұл скринингтер адам өмірін арашалап қалуына септігін тигізеді", – дейді Қарағанды облыстық онкологиялық диспансердің директоры Мұратбек Жұмақаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу