Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті

438

Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті Фото: видео скриншот

Қарағандыда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 40 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға 2 қазан күні кешкі сағат 21.00-де болған.

Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан қала тұрғынын Toyota көлігі қағып кеткен. 

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"2 қазан күні сағат 20.49-де Toyota көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Абай көшесі бойында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

40 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу