Қарағанды қаласында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 63 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, оқиға 26 шілде күні сағат 07.55-те Мұқанов көшесіндегі банк ғимаратына қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде болған.
"Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Mercedes-Benz көлігінің 65 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Апат салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аталмыш дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлады облыстық ПД.