Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы ашылды

540

Қосалқы станция ауданы – 1000 шаршы метрден астам. 

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы ашылды Фото: ekaraganda

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем көрсететін қосалқы станцияның құрылысы аяқталды. Ол Сұрыптау тұрғындарына қызмет көрсететін болады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.

Негізгі ғимаратта қызметкерлердің демалыс бөлмелері орналасқан. Бұдан бөлек кешен құрамына жедел жәрдем машиналарын жөндеуге арналған ангар мен гараждар кіреді.

Жаңа ғимаратта 40 адам және екі бригада жұмыс істемек. Сондай-ақ, ғимаратта жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған симуляциялық сынып және Қарағанды медицина университетінің кафедрасы орналасатын болады.

Қосалқы станция мамандары жылына 25 мыңнан 50 мыңға дейін қоңырауға қызмет көрсете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу