Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

472

Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

5 қаңтар сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде жаңа туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кеткені туралы хабар түсті.

Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтады.

Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 м-ден астам қашықтықта болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу