Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотта күтпеген мәлімдеме жасады

7341

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соғу ісіне қатысты басты сот отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам сотта күтпеген мәлімдеме жасады Фото: Бейнежазбадан

Прокурордың мәліметінше, 27 қаңтарға қараған түні Нұрболат Дәкебаев қоқыс тастау үшін көшеге шыққан. Екінші квартал шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында қоқыс контейнерлеріне өтетін жолды бөгеп тұрған жедел жәрдем көлігін көреді.

"Сотталушы жол жиегінде келе жатып, Төреғали Берікқалиұлына балағат сөздер айтып, жедел жәрдем көлігін итеріп жіберген, қайтар жолда фельдшердің көзінше жүргізушіге тағы да балағат сөздер айта бастаған. Бұрылыста Берікқалиұлы Дәкебаевтың наразылығының себебін анықтау үшін көліктен түскен. Сағат 00:15 шамасында айыпталушы екі қолын жұдырықтап, Берікқалиұлының беті мен басынан кезекпен үш рет соққы жасап, одан кейін сол жақ қабырғасына бір рет соққы берген. Жәбірленуші миы шайқалып, жабық бассүйек-ми жарақаты, мұрын сүйектерінің жабық сынуы, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен Мақажанов атындағы емханаға жеткізілген", – деді прокурор Бекзат Әшірбеков.

Жанжалдың мән-жайын анықтаған кезде Нұрболат Дәкебаев күтпеген мәлімдеме жасады. Ол іздеуде жүргенін бесінші күні ғана біліп, бірден полицияға берілуге ​​бел буған көрінеді.

"Мен әдепсіз сөздер айтқан жоқпын және жанжал болғанын қаламадым. Мен одан көлікті алып тастауын өтіндім. Бар болғаны 10 метр жерде үйдің тұрғындарының көлігі тұратын бос жер бар еді. Жанжалдан кейін ауданға жеке шаруаммен кеттім, құрылыста жұмыс істеймін. Әлеуметтік желіден іздеуде жүргенімді білген соң, берілуге ​​бел будым", – дейді Нұрболат Дәкебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу