Қарағандыда жеке тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 12.36-да түсті. Тілсіз жау сағат 13.08-де жойылды.
"Өрт Әлихан Бөкейхан ауданындағы Лихачев көшесінде болды. Екі пәтерлі үйде алдын ала болжам бойынша 200 шаршы метр аумақта ағаш шатыр жабыны өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу