Қарағандыда жеке үйдегі өрттен әйел адам көз жұмды

280

Өрттің шығуына пеш пен мұржаны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп.

Қарағандыда жеке үйдегі өрттен әйел адам көз жұмды Фото: freepik.com

Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт Мәметова көшесінде орналасқан үйден шыққан. Өрт туралы хабарлама ТЖД пультіне 5 қараша күні сағат 07.48-де келіп түскен.

"70 шаршы метр ауданда тұрғын үй шатырының ағаш торлары, сондай-ақ, үйге жапсарласа салынған қазандықтың ағаш конструкциялары өртенді. ТЖД қызметкерлері 1939 жылы туған әйелдің денесін сыртқа алып шықты. Жедел жәрдем бригадасының мамандары оның өлімін растады",  - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 08.51-де сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу